Салтанат Нукенованың ата-анасы ауруханаға түсіп қалды, - деп хабарлайды Dalanews.kz. Бұл туралы Нукенованың отбасының адвокаты Жанна Оразбахова айтты. «Салтанат Нукенованың ата-анасы сот отырыстарына қатыса алмайды. Себебі алғашқы видеоларды көргеннен кейін, оқиға орны көрсетілгеннен соң, алқабилерге Салтанаттың денесі көрсетілген соң олар ауруханаға түсіп қалды. Салтанаттың ата-анасы бұған дейін ол кадрларды көрмеген. Қазір олар тәуір. Ал Бишимбаевтың сөзінше өзінен басқа бәрі: қабырға, унитаз, еден кінәлі», - дейді адвокат QOS live телеграм-арнасына берген сұхбатында. Еске салайық, бұған дейінгі сот отырысына қатысқан Салтанат Нукенованың анасы сотта ашуланып кеткен болатын. Себебі экс-министр Қуандық Бишимбаев марқұм әйелі Салтанат Нукенованы аса қатыгездікпен өлтіргенін мойындамады. "Маған қандай да бір сөз айту қиын. Мені кешіреді деп те ойламаймын. Бірақ кешірім сұрау - менің адами парызым. Бұл орны толмас қайғы екенін және оған менің қатысым барын білемін. Екіншіден, мен кінәмді мойындамаймын деген сөзімді түсіндіре кетейін. Мен әдейі, аса қатыгездікпен өлтірді деген сөзбен келіспеймін", - дейді Бишимбаев. Осы сәтте Салтанаттың анасы өзін ұстай алмай, ашуланып кетті. "Аса қатыгездікпен өлтірмедім дегенің қалай? Мен өз қызы