DALA INSIDE Информационное агентство DalaNews.kz
Архив

В Туркестане будет решена жилищная проблема

В Туркестане будет решена жилищная проблема
Экономиканың ең негізгі көрсеткіші – адам. Сондықтан әр тәуелсіз мемлекеттің ең бірінші байлығы тұрғындары болмақ. Оның тұрмыстық жағдайы, ойы, сөзі, еркіндігі мен қауіпсіздігі қарқынды дамыған экономиканың дәйегі болса керек. Міне, осы себепті демографияның өсімі – кез келген дербес ел үшін ең басты талаптың бірі. Кейінгі деректерге сүйенсек, Қазақстан демографиясы бұл күнде 18 миллионды жағалап келеді. Оның басым бөлігі оңтүстік өңірлерде орналасқан. Сондықтан ел экономикасын жаңа сатыға көтермек үшін осы өңірдегі мүмкіндіктерді өсіруге жаңа импульс қажеттігі көптен бері сезілген-ді. Таяуда ғана ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Үкімімен Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан облысы болып өзгертілгенін сүйіншілей хабарлаған болатын отандық БАҚ. Тағы бір көңіл қуантқан жаңалық, жаңа облыстың бас шаһары болып Түркістан қаласы бекітілді. Иә, бұл маңызды шешім өңірдегі бірқатар мәселелердің бетін бері қаратпақ деген сенім мол. Киелі шаһардың болашағы һақында кәделі тұспалдар жасалып-ақ келеді. Десе де, дегенінің дәлелі басым, ауызы дуалы адамдардың пікірі бір бөлек емес пе? Осы орайда біз еліміздің ең танымал сарапшыларының бірі Нәйлә Әлмұхамедовамен пікірлесіп көрген едік: – Е