DALA INSIDE Информационное агентство DalaNews.kz
Архив

Почему старшая дочь Тасмагамбетова скрывает благотворительность в крупных размерах?

Почему старшая дочь Тасмагамбетова скрывает благотворительность в крупных размерах?
Имангали Тасмагамбетовтің қызы Әсел Тасмағамбетова өзі іргетасын қалаған “Сәби” қоры арқылы 2023 жылы қайырымдылық шараларына 14 861 505 000 теңге қаражат жұмсаған, деп хабарлайды Dalanews.kz Zhasalash.kz -ке сілтеп. Портал мәліметінше, бұл ақша түрлі компаниялар мен жекелеген адамдардан жиналған. Алайда нақты қандай мекемелер мен жекелеген адамдардың жомарттық танытқаны жайлы еш ақпарат жоқ. Ірі шенеуніктердің туған-туыстарының қайырымдылықпен айналысуы авторитарлық елдерге тән. Бірер ғана мысал келтірсек, экс-президент Сара Алпысқызының “Бөбегі”, қызы Әлия Назарбаеваның “Жандану әлемі”, Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың жары Гүлнар Досаеваның “Дара” қоры есіңізге түседі. Жалпы өркениетті елдерде қайырымдылық көрсету мәдениеті қалыптасқан. Қорға құйылатын әр тиынның қайдан, кімнен келгені және қайда жұмсалғаны ашық жарияланады. Барлық мәліметтер ашық дереккөздеріне жарияланады. Ал бізде ондай ашықтық жоқ. Тіпті сол қордың құрылтайшылары жайлы ақпарат алу мүмкін емес. 2002 жылдан бері қайырымдылықпен айналысып жүрген Әсел Иманғалиқызы журналистер үшін жабық адам. Бұқаралық ақпарат құралдарына берген бірде-бір сұхбаты жоқ. Ол мүмкіндігі шектеулі балалар мен талантты балаларды қолдаумен а