DALA INSIDE Информационное агентство DalaNews.kz
Архив

Жители Восточного региона проявляют активность в уборке территории от мусора.

Жители Восточного региона проявляют активность в уборке территории от мусора.
#Birge #TazaQazaqstan акциясы аясында Шығыс Қазақстанда 70 су қоймасы тазартылды. #Birge #TazaQazaqstan экологиялық акциясы Шығыс Қазақстанда екінші апта бойы өтуде. Осы уақытта аймақтағы су қоймалары мен тұрғындар демалатын орындардан бірнеше тонна қоқыс жиналып, толық тазартылды. Бұл жолғы акцияға 30 мыңнан аса адам атсалысты. Экологиялық бастамаға қатысуда Семей қаласы белсенділік танытуда. Қаланы қоқыстан тазартуға 13 мыңға тарта тұрғын білек сыбана араласты. Өскемен қаласын қоқыстан тазартуға 7350 адам қатысып, қоқыс жиналып қалған арықтардың көзін аршылды. Челленжге қатысқандардың арасында Алтай ауданы азаматтары ұйымшылдық танытты. Ауданды қоқыстан арылтуда 2312 тұрғынның көп көмегі тиді. Осы жолғы науқан аясында өңірдегі 70 су қоймасы тазартылды, оның ішінде Үлбі, Ертіс, Шаған, Аягөз, Жанама өзендерінің жиегі, Алайғыр тұмасы, Қарашоқы, Балықтыкөл, Шалқар көлдерінің жағалары қоқыстан тазартылды. Бүгін шығысқазақстандықтар 740 тонна немесе 2960 текше метр қоқыс жинады. Акция апта сайын қыркүйек айының аяғына дейін өтеді. Тұрғындар осы уақытқа дейін Шығыс Қазақстанда қоқыс атаулыдан арылтып, өңір