DALA INSIDE Информационное агентство DalaNews.kz
Архив

Поддержим начинающих романистов – Союз писателей

Поддержим начинающих романистов – Союз писателей
Жас акындар мен жазушылардың шығармашылық дамуына бұрынғыдан да үлкен қолдау көрсетілмек. Жаңа қызметке тағайындалған Жазушылар одағының басқарма төрағасы Мереке Құлкенoв осындай міндет қойып отыр, – деп хабарлайды Almaty.tv арнасы. Оның айтуынша, бұған дейін одаққа мүшелікке кіруге өтініш білгендердің жас ерекшеліктеріне шектеу қойылып келсе, енді ондай талап болмайды. Бұл елімізде жаңа қаламгерлер есімін қалыптастыруға мүмкіндік бермек. – Бұрын Жазушылар одағында жастардың үлес салмағы мүлде аз болатын, – дейді ақын Бейбіт Сарыбай. – Кейінгі бес жылдықта олардың саны көбейген. Жаңа басшылық құрам «сұранысқа сай, жастардың ұсынысына да ашықпыз» деп отыр. Сондай-ақ қазіргі қазақ әдебиетіне бет бұрып келе жатқан жастар арасындағы кемшін тұстарға да тоқталды. – Жастардың романға баруы некен-саяқ. Мысалы, жиырма жастың біреуі, тіпті елуінің біреуі романға баруы мүмкін. Бір жылда кем дегенде 5 жас жазушының роман жазуына жағдай жасағымыз келіп отыр және соған бір себепкер болсақ дейміз. Жастармен санасып, талап-тілегін ескеріп, құқығын қорғау керек, – дейді Қазақстан Жазушылар одағы басқарма төрағасының орынбасары Бейбіт Сарыбай. Ал әдебиет сыншысы Әмірхан Меңдеке одақ жұмысын оңтайланды