Экс-министр Куандык Бишимбаевтың адвокаты Назкен Кусайынова өз клиентінің кінәсін мойындамайтынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Dalanews.kz. Оның айтуынша, Куандык Бишимбаев бұл жағдайды қайғылы оқиға ретінде бағалап отыр. «Ол әйелін аса ауыр қатыгездікпен өлтірді дегенді мойындамайды. Ол әлі күнге дейін мұндай жайт болғанына сене алмайды. Ол Салтанатты әлі күнге дейін жақсы көреді. Ол әлі күнге дейін оны мейіріммен есіне алады. Ұрды, аса ауыр қатыгездікпен өлтірді деген болған жоқ», - дейді Назкен Кусайынова. Ол Салтанаттың ағасы Кайрат Нукенов айтқандай, марқұмның денесінде жарақаттар болмағанын айтады. «Иә, көзінің асты көгерген шығар. Басы жарылған жоқ, ол миына қан құйылудан қайтыс болды. Субдуральды гематомадан. 1 айдай созылмалы субдуральды гематома болған. Бірақ біздің қорғауымыздағы адам – Куандык Бишимбаев гематома пайда болғанын білмеді, салдарынан Салтанат қайтыс болған. Ол білген жоқ. Салтанат сау болған, олар араласатын, 8 қарашада кешкі тоғыздан таңға дейін сөйлесіп отырған. Бәрі дұрыс болған. Иә, аздап ұрысқан, бірақ төбелескен жоқ. Ол әлі күнге дейін Салтанаттың мерт болғанына сенбейді, әлі күнге дейін жылап, өкінеді. Қатты шок жағдайында болды. Бірақ өзіне тағылған айыптармен келіспе