DALA INSIDE Информационное агентство DalaNews.kz
Архив

Центральная избирательная комиссия представителям политических партий

Центральная избирательная комиссия представителям политических партий
ҚР Орталық сайлау комиссиясы 2022 жылғы 5-7 қазан аралығында Электоралдық оқыту орталығының базасында Қазақстанда тіркелген саяси партиялардың өкілдері үшін «Қазақстан Республикасындағы сайлау процесі: теориясы мен тәжірибесі» атты оқыту курсын өткізуде. Ортсайлауком тарапынан спикерлер ҚР ОСК Төрағасының орынбасары Константин Петров, Комиссияның мүшелері Сәбила Мұстафина, Анастасия Щегорцова, Асылбек Смағұлов, сондай-ақ аппарат қызметкерлері болып табылады. Оқыту курсы саяси партиялардың өкілдеріне Президент сайлауын әзірлеу мен өткізу ерекшеліктерін, ағымдағы сайлау науқанының негізгі кезеңдерін, кандидаттарды ұсыну мен тіркеудің ұйымдастырушылық-құқықтық рәсімдерін, мемлекеттік және мемлекеттік емес қаржыландыруды, атап айтқанда, кандидаттардың сайлау қорларымен жұмысы және сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу мәселелерін түсіндіруге бағытталған. Семинарда саяси партиялар өкілдері сонымен қатар сайлау процесіне қатысушыларды электоралдық оқыту мәселелерімен, сайлауды ұлттық байқауды жүзеге асырумен, мүгедектігі бар адамдардың сайлау құқықтарын қамтамасыз етумен, сайлау заңнамасын бұзғаны үшін құқықтық жауапкершілік мәселелерімен және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Заңға енгізілген новеллалармен таныстырылады. Сондай-ақ семинар барысында саяси партиялардың