DALA INSIDE Информационное агентство DalaNews.kz
Архив

Мик Крейли: «84 процента рабочих, работающих в ТШО, являются гражданами Казахстана»

Мик Крейли: «84 процента рабочих, работающих в ТШО, являются гражданами Казахстана»
«Теңізшевройл» компаниясының Келешек кеңею жобасының негізгі идеясы неде? Бұл жоба Қазақстан экономикасына қаншалықты пайда әкелуі мүмкін? Оның қоршаған ортаға әсері қандай болмақ? «Қала мен Дала» газетінің осы және өзге де сауалдарына «Теңізшевройл» ЖШС-ы Келешек кеңею жобасы-Ұңғы ернеуіндегі қысымды басқару жобасының директоры Мик Крейли жауап берді. – ТШО-ның Келешек кеңею жобасының жалпы идеясы неде? Адамдар осыны түсінбей жүрген тәрізді... – ККЖ-ҰЕҚБЖ (Келешек кеңею жобасы-Ұңғы ернеуіндегі қысымды басқару жобасы) - “Теңізшевройл” өндірісінің кезекті ауқымды кеңеюі. ККЖ-ҰЕҚБЖ өндіріс көлемін арттыру және Теңіз кен орнындағы қолданыстағы зауыттардың толық қуатта жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін бір мезгілде жүзеге асырылатын біріккен жоба болып табылады. Бүгінде әлемдік энергетика саласында жүзеге асырылып жатқан ең ірі күрделі жобалардың бірі болып табылатын ККЖ-ҰЕҚБЖ жобасы Теңіз кенішінің жылдық мұнай өндірісі көлемін шамамен 12 млн тоннаға арттырып, жалпы мұнай өндірісі көлемін 39 млн тоннаға дейін жеткізеді деп күтілуде. ККЖ зауыттарында күкірт өндірілмейді. Құрамында күкіртті сутегі бар табиғи газ қойнауқаттағы қысымды сақтап тұру мақсатында қойнауқатқа кері айдалатын болады. Атмосфералық шығарындыларды қысқарту мақсатында аталған кеңею жобасының нысандарын жобалау және оларды салу барысында ең соңғы заманауи технологияларды қолданылуда. ККЖ-ҰЕҚБЖ аясында жаңа нысандардың құрылысы мен монтажы қарастырылған, атап айтсақ: * Жаңа шикі мұнай өндіру ұңғылары және мұнай мен кейбір газдарды өңдеуге арналған жинау жүйесі қондырғысы; * Құрамында күкіртті сутегі бар табиғи газды қойнауқатқа қайта айдауға арналған ШГАҮБ (Журналист назарына: Шикі газ айдау-Үшінші Буын) қондырғысы; * Атқылаушы ұңғымалардың ернеулеріндегі қысымды азайту және қолданыстағы алты технологиялық желіде қысымды арттыру арқылы Теңіздегі зауыттардың толық жүктемесін қамтамасыз етуге арналған нысандар; * Жобаның құрамдас бөліктерін жеткізуге арналған нысандар мен қызметтер. 2016 жылы ТШО Серіктестері Теңіз кен орнының өндірістік қуаттылығын арттырудың келесі кезеңі болып табылатын ККЖ-ҰЕҚБЖ жобасын қаржыландыруға қатысты соңғы шешімнің қабылданғаны туралы хабарлады. ККЖ-ҰЕҚБЖ жабдықтарының негізгі бөлігі Қазақстанда, Оңтүстік Кореяда және Италияда жасалып, алдын ала құрастырылған модульдер ретінде Теңізге түпкілікті орнату үшін жіберіледі. – Айталық, осы жоба іске қосылғаннан кейін алдағы 5-6 жылда ТШО-ның мұнай өндіру көлемі қаншалықты өседі? Әлде қандай да бір болжам айтуға әлі ерте ме? – ККЖ-ҰЕҚБЖ мұнай өндіру көлемін жылына шамамен 12 миллион тоннаға арттыра отырып, ТШО-ның жалпы мұнай өндіру көлемін жылына 39 миллион тоннаға жуықтатады деп күтілуде. – Келешек кеңею жобасында қазіргі таңда қанша мердігер жұмыс істейді? Мұндағы қазақстандық компаниялардың үлесі қанша? Осы жоба басталардың алдында отандық мердігерлер барлық көлемді жұмыс Батыс Еуропа зауыттарына беріліп, мұның соңы жобаның қымбаттауына әкеп соқтырады деген пікір білдірген еді... Жалпы ТШО үшін қайсысы тиімдірек: өнімді отандық кәсіпкерден сатып алған жеңіл ме, әлде шетелден сатып алған тиімді ме? – ТШО қазақстандық қамту (ҚҚ) мәселесіне жіті көңіл бөледі және бұл – кәсіпорынның стратегиялық бағыттарының бірі. ТШО-ның мақсаты – Қазақстандағы жергілікті тауармен және қызметпен қамтушылар нарығын дамытып, олардың сапасын халықаралық стандарттарға бейімдеу. ТШО жоба қажеттіліктеріне байланысты жергілікті қамтуды барынша арттыру бағытында тынымсыз жұмыс істейді. Қазақстандық қамту бойынша біздің мақсатымыз – жобаға жұмсалған жалпы қаржы үлесінің 32 пайызын қазақстандық тауарлар мен қызметтер жабдықтаушыларына тиесілі ету. ТШО ККЖ-ҰЕҚБЖ шеңберіндегі жобалау, сатып алу, құрастыру жұмыстарына қазақстандық компанияларды жұмылдырды және осы күнге дейін 1800-ден астам қазақстандық компанияны алдын ала іріктеуден өткізді. Жергілікті қамту мүмкіндіктерін арттыру мақсатында ТШО бірқатар форумдар өткізді. Тек осы жылдың өзінде, ТШО және ҚР Үкіметі жергілікті мердігерлерді тартуға бағытталған үш форумға демеушілік етті. 2017 жылдың қаңтар айында өткізілген форумда жыл аяғына дейін тағайындалуы көзделген төрт негізгі құрылыс жұмыстарының келісімшартына шолу жасалды. Форумға 180-нен астам жергілікті мердігерлер қатысып, консорциум құру, серіктестік орнату және қосалқы