Шерзат Болаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов сот біткеннен кейін ел алдына шығып, ашық сұхбат берді, деп хабарлайды Dalanews.kz. Қаржаубай Нұрымов бұл іске Айтбек Амангелді қалай араласқанын айтты. "Бірнеше адвокат іздедік, хабарластық. Талғардан ешқандай адвокат алмаймын деп шештім. Сөйтіп жүргенде Айтымды бір туысымыз шақырған екен. Басында білген жоқпын. Өзінің басында да қайғысы бар азамат түсінеді деп ойладым. Айтым жайлы, оның адвокаттары жайлы ешқандай жаман сұхбат бере алмаймын. Жақсы адам жақсылығын, жаман адам жамандығын істейді. ...Жақсы адам қай жерде болса да жарты жолда лақтырмайды деп ойлаймын. Олар адвокат таба алмай қиналады деп ойлаған шығар... Сот өткеннен кейін Айтбек жақсы, жаман деп айтудың пайдасы жоқ. Ол мені қаралағанымен Құдай көріп тұр", - деді ол журналист Руслан Өтепбайға берген сұхбатында. Марқұмның әкесінен Айтбек пен оның адвокаттары бір адам ғана кісі өлтіру бабы бойынша, қалғандары бұзақылық бойынша айыпталып отырғанын хабарлаған-хабарламағаны сұралды. "Мейірман ағадан естідім. Басында сотқа да қатыспаймын дегенмін. Біреу сотталып, біреу ауыр жағдайға түссін демедім, қолымнан келгенше сотталушылардың ақталуына мүмкіндік бердім. Соттан қашқаным жоқ. Олар "Қаржаубай бәрін арандатты" деген оймен істеді ғой. Қазақстаннан кетуіме көптеген себеп болды. Бір емес, бірнеше жағдай болды. Ашып айтудың қажеті жоқ. Үй мәселесі, бауырымның мәселесі, тергеу изоляторында отырған кезде де. Сол жерде де көп дұрыс емес шешім болды. Содан кейін бой тасалап, басқа мемлекетте болуымды қаладым. Ақша жинау басталып кетті. Оған менің қатысым жоқ. Халықты арандатпау керек болды. "Митингіге шығып кету" деген сияқты оймен жан-жақтан жігіттер хабарласып кетті. Басынан бастап айтып келе жатырмын: ешкімнен қоры