DALA INSIDE Информационное агентство DalaNews.kz
Архив

Минувшие 26 лет

Минувшие 26 лет
Менің басымнан өткен тағдырдың тәлкегі мені өмірде қатты тізе бүктірді. Аз өмір сүргенім жоқ. Өз өмірім жайында көпшілікпен ой бөлісуді жөн санадым. 57-де Ақтау қаласында тұрамын. Әскери отбасында тәрбиелі, тыныш бала болып өстім. Көп әскери отбасындағыдай әкеміз ішімдікке жақын болатын, жеткен жетістіктерін, жауынгерлік марапаттарымен мақтанып, ал анам болса әкеміздің, біздің асты үстімізге түсіп барынша ұнауға тырысатын. Өзінің денсаулығын да ойламай, ауырса білдіртпей жүре беретін. Соның кесірінен анамыз 52 жасында дүниеден ерте қайтты. Анамыздың жоқтығы әкемізге, бізге қатты тиді. Анамыздың өлімінен кейін әкеміз ішімдікке салынып 2 жылдан соң, ол да дүниеден озды. Күйеуге өз қалауыммен ұнатып сүйіп шықтым, байлықты көздеп немесе басқа да арам ойым болған жоқ. Жұбайыммен зауытта жұмыс істеп жүргенде таныстым. Ол өлең айтқанда айналасы ұйып тыңдаушы еді. Бәрі оның аузына қарап, тамсанатын, мен болса аздап қызғанушы едім. Бірақ ішіп жүргенше осылай өлең айтып жүргені жақсы деп ойлаушы едім. Отбасы құрғаннан кейін анасы мен және күйеуім үшеуміз тұрдық. Әкесі жас кезінде қаза болған-ды. Сондықтан анасы жалғыз барынша тәрбиелеп өсіргені байқалып