DALA INSIDE Информационное агентство DalaNews.kz
Архив

Казахстанско-армянский конфликт: какова должна быть позиция Казахстана?

Казахстанско-армянский конфликт: какова должна быть позиция Казахстана?
Сонау 1990 жылдары басталған Армения-Әзірбайжан қақтығысының оты әлі сөнген жоқ. Ескі жараның беті қайта ашылып, кейде уақытша жазылғандай болады. Бірақ араға уақыт салып, баяғы жер дауы қайта өршиді. Ақпарат ретінде айта кетсек, екі елдің арасындағы соғыстың салдарынан Әзірбайжан тарапының 40 мыңдай азаматы қайтыс болып, 1 миллионнан астам адам басқа елге қоныс аударған. Әсіресе, 2016 жылдың көктемінде болған төрт күндік қақтығысты ешкім ұмыта қойған жоқ. Сол кезде екі жақтан 16 адам қаза тапты. Ал 2020 жылы адам шығынын әкелген қырық күндік соғыстан кейін Әзірбайжан Таулы Қарабахты толықтай өзіне қайтармаса да, екі ел атысты тоқтату жөнінде келісімге келген. Нәтижесінде армян тарапы Таулы Қарабах маңындағы Зангилан, Агдам, Кельбаджар, Лачин аймағын және Шуша қаласын қайтарылды. 13-14 қыркүйекте мойындалмаған Таулы Қарабах үшін қақтығыс тағы тіркелді. Мұнда да екі мемлекет бір-бірін «бітім шартын бұзды» деп айыптап шықты. Армения «Әзірбайжан әскерлері шекарадағы қалаларға оқ жаудырды» десе, Әзірбайжан «бізді Армения арандатып, диверсия жасады» деді. Атыс кезінде Армения жақтан 105-тен астам, Әзірбайжаннан 79 әскердің қаза тапқаны туралы айтылды. Бұл мәлімет әзірге нақты емес. Бұдан кейін Армения премьер-министрі Никол