DALA INSIDE Информационное агентство DalaNews.kz
Архив

В Алматинской области усилены меры борьбы с коронавирусом

В Алматинской области усилены меры борьбы с коронавирусом
Алматы облысы COVID-19 эпидемиясынан сақтану үшін барлық шараларды күшейтіп жатқанын хабарлайды Dalanews.kz. Еліміздің батыс өңірінде алғаш рет табылған эпидемия айналып өтеді деген үміт ақталмады. Өкінішке орай, Алматы облысында да індетке шалдыққандар табылды. Біреулер мұны тағдырдың жазуы десе, енді біреулер шетелге саяхаттап келгендердің кесірінен деп жатты. Дегенмен, кінәліні іздеудің қазіргі уақыт жоқ. Мемлекеттің басты байлығы – халық. Сондықтан билік өкілдері халықтың амандығын бірінші орынға қойып, қолда бар күшті жұмылдыруда. Баршаға белгілі, Жетісу өңірі әрқашан бастамаларды қолдаушылардың қатарында болды. Бұл жолы да аймақ дәстүрден жаңылмады. "Сынақ сағатында сынатын халық біз емеспіз" деп, бел шеше кірісіп кетті. Осы ретте облыс орталығынан бөлек, шалғайдағы аудандарда жергілікті ветеринарлық станциялар адам аяғы арылмайтын орталық алаңдарды, балабақшаларды, ойын алаңдарын және аялдамаларды залалсыздандырып, тазалық жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, дүкендерге, мейрамханаларға, қоғамдық тамақтану орындарына және сән салондарына вирустан қорғану жолдарын түсіндіретін арнайы нұсқаулықтар таратты. Елдің бірлігі мен елдігі сыналған шақта "бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарды" деген осы емес