DALA INSIDE Информационное агентство DalaNews.kz
Архив

210 жителей Алаколя получили финансирование для начала бизнеса

210 жителей Алаколя получили финансирование для начала бизнеса
«Еңбек» бағдарламасының елге берері әлі де таусылмақ емес. Өткен жылы дәл осы бағдарламаның аясында Жетісу облысына қарасты Алакөл ауданында 210 адам қаражат алып іс бастаған. Басым бөлігі, яғни 174-і мал шаруашылығымен айналысуға көңіл бөлсе, құс өсіруге 1,11 азамат өндірісте бағын сынамаққа бел буса, 24-і қызмет көрсету саласына бет бұрған. Осылайша, аймақтағы жұмыспен қамту бойынша келелі істерге жол ашылып, жұмыссыздар қатары азайды. Табысқа жеткізер мыңдаған ойларын ортаға салып, жүйелі бизнес жоспар құрып, кәсібінің тұрақты әрі қолайлы екенін дәлелдеген жандар мемлекет тарапынан арнайы грантқа қол жеткізді. Жартылай жеңісті қанжығаларына байлағандар бүгінде өз ісін жалғастыруда. «Еңбектің» ебін тапқандардың бірі – Қаламқас Қасымова. Ол Достық ауылының тұрғыны. «Бастау Бизнес» жобасы негізінде білім алып, «Kasia de Maria» ЖК-сін тіркеген. Үкіметтен алған 583 мың қайтарымсыз грантқа өз ауылында киім тігетін ателье ашты. Жұмысын жалғастыруға қажетті құралдарды сатып алып, тұрғындарға сапалы әрі қолжетімді бағада қызмет көрсетуде. – Нарық бүйірден қысқанда бір айлыққа қарап отыру мүмкін емес. Өзімнің жеке ісімді ашу арманым еді. Шағын кәсіп бастауға мемлекеттен қар