«Қазақмыс» корпорациясында бірнеше күнге созылған жұмысшылар наразылығы басшылықпен жүргізілген келіссөз нәтижесінде тоқтап, екі тарап ортақ мәмілеге келді, деп хабарлайды Dalanews.kz. Компанияның мәліметінше, 19 желтоқсан сағат 20:00-де Саяқ және Жайсаң кеніштері мен Жезқазған мыс қорыту зауытының жұмысы штаттық режимге қайта оралған. «Бұған дейін аталған кеніштер мен зауыт жұмысшылары әріптестерін қолдау мақсатында жұмыстарын тоқтатқан болатын», – деп мәлімдеді «Қазақмыс» корпорациясы. Екі күнге созылған наразылық нәтижесінде жұмыс беруші мен жұмысшылар еңбек жағдайын жақсарту бойынша өзара келісімге қол жеткізді. Еске салайық, 17 желтоқсанда Ұлытауоблысында "Қазақмыс корпорациясының" ("Жезқазғантүстімет") филиалы - "Оңтүстік Қазақстан" кенішінің № 65 шахтасында ереуіл болды. 250-ден астам кенші жерастына түсуден бас тартты. Олар жалақыларын көтеру және еңбек жағдайларын жақсартуды талап етті. Ал 18 желтоқсанда компанияның баспасөз қызметі аталған жайтқа қатысты түсініктеме берді. Компания баспасөз қызметінің хабарлауынша, "2024 жылғы 17 желтоқсанда "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС "Жезқазғантүстімет" ӨБ құрамына кіретін Оңтүстік Жезқазған кеніші мен Жыланды кенішінің қызметкерлері