DALA INSIDE Информационное агентство DalaNews.kz
Архив

Советник Токаева рассказал, куда были потрачены 6 трлн тенге

Советник Токаева рассказал, куда были потрачены 6 трлн тенге
Президент Токаевтың уәзірі, экономист Олжас Құдайбергенов 6 трлн теңгенің қайда жұмсалғанын айтты деп хабарлайды Dalanews.kz. Оның айтуынша әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде 6 трлн теңгенің қайда жұмсалғанын талқылаған хабарламалар тарап жатыр. Бәрін, сайып келгенде, толғандыратыны - екі айдың ішінде осынша қомақты қаржының қалай жұмсалғаны. "Әрине, жұмсаған екен, демек ұрлаған деп ойлайды бәз біреулер. Өкінішке орай, үкімет тарапынан әлі ресми түсініктеме берілген жоқ, сондықтан мұның жайына өзім тоқтала кетсем деймін. Бұл соманы жіліктеп, шағып түсіндірер алдында, ең алдымен Президенттің бұл ретте айтқанына тоқтала кетейін: «Жалпы, біз қабылдаған шаралар мемлекетке 5,5, тіпті шамамен 6 трлн теңгеге түсті, бұл - 13 млрд доллар немесе жалпы ішкі өнімнің 8% -дан астамы». Мұнда «мемлекетке түскен салмақ» деген сөз мемлекеттік бюджеттік жоспарлау тұрғысында қолданылып тұр. Демек, бұл қаражаттар нақты шараларға бөлінді, әрине, соған сәйкес әр шараның өз мерзімі бар, ең ұзақ дегенде ол жыл соңына дейін жалғасады", – дейді Президент кеңесшісі. Құдайбергенов бұл ретте әлгі қаржы бөлінетін шараларға тоқтала кетіпті. 1. Жұмыспен қамтудың жол картасы бойынша 1 триллион теңге жоспарланған, оның 700 млрд теңгесін әкімдіктер бағалы қағаздар шығару арқылы, ал қалған 300 млрд теңгесін республикалық бюджеттен алады. Жаңалықтарда, негі