- Мукаш-ай! Карасазды сағындым-ау! Сағындым-ау, суымды, тауымды да! - ...Кайран дос, барганымда осылай деп, Өрт кетіп өзегіне тарындың-ау! Көңіліңнен көтеріліп ойран-дауыл, Кемеңді бұрып еді қайранға бір... Сағынған сазын, әне, тауың, әне, Жатырсың өзің, міне, қайран бауыр! Үйірінен адасқан тентек едің, Тентегім-ай, үзілді ерте демің. ...Карасазың мінеки, әлдейлеуде, Әлсін-әлі жаңартып көрпелерін. Мукагали Макатаев