DALA INSIDE Информационное агентство DalaNews.kz
Архив

Не оттолкнет ли это щеки Карин?

Не оттолкнет ли это щеки Карин?
"Қала мен Дала" газетінің "Бір сұрақ" айдарының алғашқы қонағы – саясаткер Әміржан Қосанов. Сұрақ: Соңғы кездері мемлекеттік телеарналардан бұрын айтылмайтын пікірлер айтылып, бұрын эфирге жолатпайтын тұлғалар көріне бастады. Билік өкілдері де ұлттық жаңғыру деп ұран сап жатыр. Шынымен де біздің билік қазаққа жақындауды көздеп отыр ма, әлде, мұның өзге бір саяси астары бар ма? Жауап: Ақорда идеологтарының ішінде не ой жатқанын, осы бастаманы көтергендегі түпкілікті мақсаты не – оны ит біліп пе! Бәрі де мүмкін! Саясатты саяси технологиялар анықтап кеткен заман емес пе? Қоғамда бар басқа өткір тақырыптардан ел назарын басқа жаққа аудару секілді құйтырқылық болуы әбден мүмкін. Ондай сценарийлердің талайын көрдік қой. Сенім де бар, өйткені ұлттық мүддені қорғау – ол тек қана постсовет кеңістігіне ғана тәне емес, өркениеттік сипаты бар әлемдік тренд. Ол көштен мүлдем кеш қалып қоюға болмайтынын билік басындағылар сезіп жатса керек. Өйткені қоғам ішінде бұл тақырып кеңінен әрі терең талқыланып жатқанына біраз уақыт болды. Сондықтан да, формальды түрде болса да, билік осы тенденцияға бой ұрып жатыр. Күдік те жоқ емес, өйткені кеше ғана өз мақаласында президент «ұлттық және рухани жаң