DALA INSIDE Информационное агентство DalaNews.kz
Архив

Нар тәуекел! Вместе напишется или отдельно?

Нар тәуекел! Вместе напишется или отдельно?
Алаштың ар-ожданы атанған Ахаң, Ахмет Байтұрсынұлы «Сөз жазатын адам әрі жазушы, әрі сыншы болуы керек» деп бекер айтқан жоқ. Тіл үшін күресіп өткен қайраткердің «Егер де біз қазақ деген ұлт болып тұруды тілесек, қарнымыз ашпас қамын ойлағандай тіліміздің де сақталу қамын қатар ойлау керек» деген сөзі дәл бүгінгі ұрпаққа айтылғандай. ХХ ғасырға дейін шұрайлылығын жоғалтпаған қазақ тілі соңғы жылдары калька аударманың құрбаны болып жүргені жасырын емес.Оның үстіне, байырғы қазақ сөздерінің айтылу-жазылу заңдылығын бұзып, тілді одан сайын шұбарландырып жүрген жайттар жиіледі. Осының бір мысалы – осы күндері әлеуметтік желіде қазақтың «нар тәуекел» деген сөз тіркесі бірге жазыла ма, бөлек жазыла ма деген дау шығыпты. Бәлкім, базбіреулер саяси науқанды пайдаланып, қарсыласты сынау үшін бастаған шығар, біздікі – қазақ тілін саяси пікірталастың көсеуі етуден сақтау, тіл бұзуға тосқауыл қою. Бірнеше күннен бері қоғамдық ортада «нар тәуекел» тіркесінің жазылуына қатысты түрлі пікірлер айтылып жатыр. «Нар тәуекел!» – деп, мен де өз ойымды білдірмекпін. «Тәуекел» сөзі араб тілінен енген. «Тәуекел пенденің барлық діни және дүниелік бастамасында Алла оны жақсылыққа жеткізіп, жамандық атаулыдан сақтайтынына бүкіл жан-дүниесімен арқа сүйеп, үміт артуы және алдына қойған мақсатына жететініне нық сенімде болуы» дегенді білдіреді (http://fatua.kz/kz/post/view?id=458). Яғни адамның дәрменсіз, әлсіз екенін мойындай отырып, Алланың құдыретіне сүйенуі, тағдырға ризашылықпен көнуі. Қайрат Жолдыбайұлы «тәуекел» сөзінің шариғаттағы терминдік мағынасын «Белгілі бір мақсатқа, нәтижеге қол жеткізу үшін қажетті заттық және рухани барлық себеп-салдарларды орындағаннан кейін нәтижесін Аллаға тапсыру, күту» деп сипаттайды. Мұсылман баласы әр істе Алла тағалаға тәуекел етеді. Тәуекел еткен адам Алла тағалаға толық иман келтірген адам саналады. Себебі, тәуекел ету үшін Алланы тани білуі қажет, ол үшін иман мен білім керек. Иманы толық болмаған адам шынайы тәуекелге де бара алмайды. «Құран кәрімнің» «Ибраһим» сүресінде «Мүміндер тек қана Аллаға тәуекел етсін» делінген (11-аят). «Һуд» сүресінде «Көктегі және жердегі сырды білу Аллаға ғана тән, барлық іс Алланың алдына барады. Құдайға құлшылық ет, Аллаға бел байлап, тәуекел ет. Алла Тағала барлық ісіңнен толық хабардар» делінген (123-аят). Тәуекел ету турасында «Фұрқан» сүресінің 59-аятында да, «Әли Ғымран» сүресінің 159-аятында да сөз болған. Тәуекел еткен адам талаптанып, еңбектенуі керек. Лайықты әрекет еткен соң ғана істің қайырлы болуын Алладан сұрауы қажет. Әнес ибн Мәліктен (р.а.) жеткен риуаятта бір кісі Мұхаммед пайғамбарымыздан (с.а.с.): «Уа, Расулалла! Түйемді байлап, сосын Аллаға тәуекел етейін бе әлде бос жібере салып, тәуекел етейін бе?» – деп сұрайды. Сонда Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Алдымен байлап қой, сосын тәуекел ет», – деген екен. Яғни лайықты әрекет еткен адам ғана берекеге кенеледі. Сондықтан аят, хадистерге сүйене отырып, халқымыз «Әрекетке берекет»; «Сақтансаң – сақтаймын» деген»; «Қайраттану бізден, табысы Алладан»; «Жүргенге жөргем ілінеді» дейді. Ислам негізін терең түсінген Абай Құнанбайұлы да «Тәуекелсіз, талапсыз мал табылмас, Еңбек қылмас еріншек адам болмас», – дейді. Алла тағала өзіне сеніп, тәуекел еткен адамды қолдайды, күтпеген жерден ризық береді, жолын оңғарады. Пайғамбарымыз (с.а.с.) хадисінде: «Кім де кім үйінен шығар кезде «Алланың атымен, Аллаға тәуекел еттім, Алладан басқа күш те, қуат та жоқ», – десе, оған Алла тарапынан: «Тура жолға түстің, бар қажеттілігің қамтамасыз етілді, қорғау