Ф. Кафканың «Америка» романы – ойдан шығарылған кеңістіктегі саяхат 1912 жылы 16 наурызда Кафка өз күнделігіне: «Бүгін-ертең шамам жететіндей көлемді жұмыс бастаймын. Әлім жеткенше одан бас тартпаймын», – деп жазады. Сол жылы 9 мамырда: «Барлық үрейге қарамастан романнан қол үзбедім», – деп қосады ол күнделігіне. Әңгіменің ауаны жазушының «Америка» деген атпен танымал, жұмыстық атауы «Із-түзсіз жоғалған» («Пропавший без вести») романы туралы. Бірінші бөлімі «Кочегар» 1913 жылы басылып шыққан. «Америка» – өзіндік ерекшелігімен «жол романына» тән. Шығарма бойына кейіпкер бір кеңістіктен екіншісіне жылжып отырады. Енді бір мағынада бұл романды тәрбиелік деп санауға да болады. Кафканың Гетеның талантына бас игені белгілі, ал өзі: «Американы» «тікелей Диккенске еліктеу», – деп айтатын. Жоғарыда аталған екі қаламгер әйгілі тәрбиелік романдардың авторы екенін ескеруіміз керек («Годы учения Вильгельма Мейстера» Гете. «Дэвид Копперфильд» Ч. Диккенс) Кафка романның желісі болатын оқиғаның квинтэссенциясын алғашқы абзацта-ақ оқырманға жеткізеді. Қызметші әйелдің, он алты жасар Карл Росманды азғырып, одан жүкті болғаны үшін ата-анасы оны Америкаға жер аудартады. Міне, ол кемеде, Нью-Йорк кемежайының алдында, жаңа өмірдің табалдырығын аттағалы тұр. Жағаға жақындаған сайын Карл 1886 жылы бой көтерген Еркіндік ескерткішін байқайды. Осы сөйлемдер арқылы романдағы оқиғалар ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында орын алатынын аңғаруға болады. Алайда бірінші бөлімнің өзінде шынайы Америка мен Кафка қиялындағы Американың образдарының арасындағы қарама-қайшылықтар байқалады. Мысалы, Еркіндік ескерткіші шынымен Нью-Йорк кемежайынан көрінеді, бірақ романда ескерткіштің қолында қылыш бейнеленген. Полландер деген бай кәсіпкер құрылысы аяқталмаған, электр қуаты жоқ үйде тұрады, ал оған қызмет ететін қарт көбірек Еуропаның классикалық сарай қызметшісіне ұқсайды. Омыраулары орденге толған кеме капитандары сапысын тастамайды, ал порт шенеуніктері арнайы қара мундирмен жүреді, бірақ осы арада Америкада униформа деңгейінің төмендігі бізге белгілі нәрсе. Тағы бір нәрсе ол Нью-Йорктегі Рэмзес елдімекені, ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында ондай елдімекеннің болмағаны. Шығарма басында кеңістік Нью-Йорк деп белгіленсе, кейін ол кеңістік Кафканың қиялындағы әлеммен алмасады. Осыған байланысты алғашқы романның оқиғалары Америкада өрбиді деп ойлаудың қажет