DALA INSIDE Информационное агентство DalaNews.kz
Архив

ForteBank стал акционером Home Credit Bank.

ForteBank стал акционером Home Credit Bank.
Болат Өтемұратовтың ForteBank-і Home Credit Bank-тің акционері атанды. Бұл туралы KASE сайтында ақпарат пайда болды. Осылайша "Home Credit Bank" АҚ-ның 100% акцияларын сатып алу бойынша үш айға жуық жүргізілген келіссөзге нүкте қойылды, деп хабарлайды Dalanews.kz. Бұған дейін "ForteBank" АҚ "Home Credit Bank" АҚ-ның капиталына ауқымды қатысуға рұқсат алғаны хабарланған. Сөйтіп "ForteBank" АҚ және "Home Credit Bank" АҚ акционерлері "Home Credit Bank" АҚ-ның 100% акцияларын сатып алу бойынша қағидатты уағдаластыққа қол жеткізген болатын. ForteBank бұл реттегі келіссөздер "үш айға жуық" жүргенін растады. Болат Өтемұратовтың банкі Home Credit Bank-тің 26,8% акциясын сатып алғаны белгілі болды. KASE жариялаған ақпаратта бұл мәлімет қамтылмаған, тек ол туралы AIX биржасы дерек келтірген. Бұған Telegram-дағы Finmentor арнасының авторы Арман Батаев назар аударған. Бастапқыда екі банк өз алдына жеке-дара жұмыс істейді деп жоспарланған, алайда кейінірек ForteBank акционерлер алдына Home Credit Bank-ті қосып алу туралы ұсыныс талқысын алға тартқан. Айта кетсек, Home Credit Bank 1993 жылы құрылған FTD жекеменшік банкінің (еуропалық) негізінде құрылды, ол кейінірек 1994 жылы атауын "Алма-Ата" Банкі деп өзгертті. 2013 жылдың қаңтарында аталған банк "Хоум Кредит энд Финанс Банк" ЖШҚ-