DALA INSIDE Информационное агентство DalaNews.kz
Архив

Экспо-2017: на каком уровне будет безопасность?

Экспо-2017: на каком уровне будет безопасность?
«Шеврон» компаниясы және «Қала мен Дала» газетінің біріккен жобасы аясында енді бір айдан соң шымылдығы түрілетін ЭКСПО көрмесі туралы жаза бастағанымызға біршама уақыт өтті. Алдымен Назарбаевтың National Geographic телеарнасына берген сұхбатының үзіндісін қарап шықтық. Мемлекет басшысы ЭКСПО туралы айтты. Назарбаев не деді? «Білесіздер ме, біз шын мәнінде елордамыздың жаңа ауданын салған екенбіз. Ең әдемі әрі заманауи аудан. Бізге бұл ауданның осы қалпында сақталғаны қажет. Біз әуел бастан ЭКСПО-дан кейін жұмсалған қаржы мен салынған нысанды қалай пайдаланатынымызды ойладық. Сондықтан ЭКСПО-дан кейін ең басты нысанда – біз мұнда халықаралық қаржы орталығы болады деп шештік. Онда жаңа технологиялық саябақ болады. Ондағы Шарды көрген боларсыздар? Бұл диаметрі 80 метр, биіктігі 100 метрлік әлемдегі ең үлкен шары бар ғимарат болады. Шар сегіз қабатты. Әр қабат баламалы энергияның бір түрін көрсетеді. Мәселен, бірінші қабат – гидроэнергетика, екінші қабат – күн қуаты, үшінші қабат – жел қуаты, төртінші қабат – биоэнергетика, химиялық энергетика», - деп атап өтті сұхбатында Назарбаев. Иә, жаңа, әдемі, заманауи аудан бой көтерді. Ал осы жаңа аудандағы қауіпсіздік мәселесі қай деңгейде болады? Көрмені тамашалауға келген туристердің еркін жүріп-тұруы үшін қандай жағдай жасалған? National Geographic телеарнасына берген сұхбатында Назарбаев «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін өткізудің өзектілігін қайталаумен болды. Ал өзектілік деген сөздің аясында қауіпсіздік мәселесі де кіретіні белгілі ғой. Осы орайда біз Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комите