"Байдильдинов. Нефть" парақшасын жүргізуші, мұнай саласы бойынша сарапшы Олжас Байділдинов көпті ойландырған сұраққа толыққанды жауап беретін желіде жазба жариялады. Ол өз жазбасында Қазақстан мен араб елдерінің мемлекеттік бюджетін жіліктеп шағып, салыстыра қарастырады. Анықталған қызықты жайт: арабтар тірнектеп тапқан табысын көбейтіп, жинай береді екен, ал қазақ билігі барын сатып, қолдағы ақшаны субсидия және тағы да басқа себепті-себепсіз амалдармен шаша береді екен. Автор стилистикасын сақтау үшін Dalanews.kz сайты жазбаны қазақшалап, сол күйінде жариялауды жөн көріп отыр. "Блогты алыңыз, шолуларды қараңыз, ютубы көріңіз, ерінбегеннің бәрі Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірлігін салыстырып әлек. Бірақ олардың ешқайсысы екі мемлекеттің бюджетін өмірі салыстырып көрмепті . Онысы бекер енді. Популист немесе хайп жасағыш болсам, бұл жағын мен де "жауып қоя салар ем"... Сондықтан популист болмағаныма шүкір деңіздер) Сонымен, 2025 жылғы БАӘ-нің мемлекеттік бюджеті 71,5 млрд дихрам немесе 19,5 млрд долларды құрайды! "Не дейді тағы? Бір Дубай Маринаның өзі бүкіл Қазақстанды алып қарастырғандағы құнға шақ келеді, 19,5 млрд доллар дейді ме" деп бірден мырс етіп күмәнданған боларсыз. Жоқ, асықпаңыз, олай ойласаңыз, жаңылысасыз. Иә, Әмірліктердің бюджеті Қазақстаннан әлдеқайда аз. Бізде де рекордтық көлем, 2025 жылы – 25,8 трлн теңге немесе 490 теңгемен есептегенде 52,6 млрд доллар! Сонда қалай дерсіз мұндайда, өйткені біздің бюджет Дубай/Әбу Дабиден 2,7 есе көп, бірақ халқымыз бәрібір кедей ғой. Әрине, бұл ақшаны