DALA INSIDE Информационное агентство DalaNews.kz
Архив

#МыВместе: Активисты партии Nur Otan помогли подготовить к школе 40 тысяч детей

#МыВместе: Активисты партии Nur Otan помогли подготовить к школе 40 тысяч детей
«Nur Otan» бастауыш партия ұйымдарының мүшелері жыл сайынғы «Баланы мектепке даярлайық» акциясы аясында жаңа оқу жылына 40 мыңнан астам баланы даярлауға көмектесті, – деп хабарлайды Dalanews.kz. Партия белсенділері көпбалалы және толық емес отбасылардың балаларына, сондай-ақ ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін еліміз бойынша кеңсе тауарлары, мектеп және спорт киімдері, сөмкелермен және басқа да қажетті заттар сатып алды. Сонымен қатар, партияның Орталық аппараты бастауыш партиялық ұйымының мүшелері биыл жалпы сомасы 1,2 млн теңгеге 67 балаға көмек көрсетті. Ал, еліміз бойынша нұротандықтар жалпы сомасы 593,4 млн теңгеге 41 558 баланы мектепке дайындауға көмектесті. – Арамызда осындай жанашыр партияластарымыздың көп болғаны қуантады. Біздің күшіміз – бірлікте! Осындай игі істері үшін барлық партияластарыма алғысымды білдіремін. Балаларға бүгінгі күні жасаған қамқорлық – олардың ертеңгі күні елімізге лайықты азамат болып өсуіне қосқан үлесіміз. Осы акцияның ұйытқысы – «Бақытты отбасы» партиялық жобасы, – деп атап өтті Орталық аппараттың БПҰ төрағасы Арыстанғали Арын. Жалпы, оның айтуынша, «Nur Otan» балаларды қорғау және отбасы институтын қолдау мәселелеріне жіті көңіл бөліп отырады. Биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында «Бақытты