Тұр әлі Қазтуған жыр, Доспамбет үн (Бекболат ТІЛЕУХАНҒА) Шіркін-ай, Баяғыдай болса егерде, Мына жұрт ақыл таппай теңселер ме?! Соғысқа өзің бастап шығар едің, Қалың жау тисе еліңе, төнсе жерге. Ол соғыс, ойхой, қандай әділетті ең, Шын батыр ғана болған жауына өктем. Қолында жалаңдаған жалғыз қылыш жүзіне хас дұшпанның қаны кепкен. Доспамбет, Ақтамберді қоңыраулап найза ұстап қол төңкерген, толып аумақ. Шалкиздей кірер едің шаршы топқа, Алқы төс арғымағың омыраулап. Күңіренген күн түбінде жорық жырдың, Күндіз-түн жолын күтіп торып жүрдің. Ышқынды қара қобыз, ыңыранды, Түбінде ұмыт қалған тобылғының. Қандай жыр! Қандай рух! Қандай ерлік! Қалың ел қаңсып қалған қанбай емдік. Қайда деп қанымдағы қобыз – сарын, Ғасырға ғасырлардан қалмай ердік. Онда жоқ бұралқы сөз, қатын өсек, Келіссе, кетіссе де кесек-кесек. Көрсеттің соның бәрін бұл қазаққа, Шоғындай сексеуілдің көсеп-көсеп. Бір ғасыр бір ғасырдан тереңірек, Бір қазақ бір қазақтан кемелірек. Бабаңның құпиясын таптың ақыр, Құдайдан ө