Баян тауын көрген Асан Қайғы айтып еді ғой: «Ат ерін алмайтын жер екен. Бір түней кетемін деген адам, бір жұма тоқтап қалады» деп. Сол рас. Бұл өлке Алаштың талай жыр – шежіресіне арқау болған. Қай дәуірді алсаң да, бұл өлке қол бастаған батырларымен, сөз бастаған шешендерімен, қасиет қонған әулиелерімен, суырып-салма ақын-жырауларымен даңқты. Ал суының беті көпіршіктеніп жататын Сабынды көлге аңыз бойынша Баян сұлу сабынын түсіріп алған деседі. Бұл өлке – Баянауыл. Бұл араға саяхаттап келетін шетелдіктер Баянауылды «Ертегілер елі» деп атайды. Тегін емес. Тастарына қараңыздаршы. Табиғаттың өзі тіл бітірген оларға. Табиғаттың құдіретімен қашалған. Иә, сенбессіз. Көзіңізбен көруіңіз керек ол үшін. «Кемпіртас», «Кептер», «Түплитас», «Ұлыған бөрі», «Грузин», «Пушкин профилі», «Танк», «Ер-тоқым», «Ұлу», «Маймыл». Бұл тастарды көрген шетелдіктер таң-тамаша болған ғой. Біз бірсыпырасын ғана жаздық. Есімізде қалғаны осы. Бұлардан басқа да мыңда бір бейне бар Баянауылда... Мәшһүр Жүсіп Көпеев, Жүсіпбек Аймауытов, Қаныш Сәтпаев, Шәкен Айманов сынды қазақтың көгіне күн болып, өрмелеген дара тұлғалар осы Баянауылдың топырағында өмірге келді. Бірақ біз әлі де болса, Баянауылды жеткілікті деңгейде білмейміз. Оның тарихына қанық емеспіз. Оның табиғатымен таныс емеспіз. Отандық деңгейдегісі өз алдына, оның әлемдік туризмнен ойып тұрып орын алар әлуеті бар, негізінде. Тек жарнамасы аз. Насихаты жоқтың қасы. Айталық, сіз ең сирек кездесетін емдік шөптер Баянауыл топырағында өсетінін білесіз бе? Біз білген жоқпыз, мысалға. Баянауылға сапарлап келетін шетелдіктер Баянауылды «Ертегілер елі» деп атайды. Тегін емес. Тастарына қараңыздаршы. Табиғаттың өзі тіл бітірген оларға. Табиғаттың құдіретімен қашалған. Иә, сенбессіз. Көзіңізбен көруіңіз керек ол үшін. «Кемпіртас», «Кептер», «Түплитас», «Ұлыған бөрі», «Грузин», «Пушкин профилі», «Танк», «Ер-тоқым», «Ұлу», «Маймыл». Бұл тастарды көрген шетелдіктер таң-тамаша болған ғой. Біз бірсыпырасын ғана жаздық. Есімізде қалғаны осы. Бұлардан басқа да мыңда бір бейне бар Баянауылда... Мәшһүр Жүсіп Көпеев, Жүсіпбек Аймауытов, Қаныш Сәтпаев, Шәкен Айманов сынды қазақтың көгіне күн болып, өрмелеген дара тұлғалар осы Баянауылдың топырағында өмірге келді. Бірақ біз әлі де болса, Баянауылды жеткілікті деңгейде білмейміз. Оның тарихына қанық емеспіз. Оның табиғатымен таныс емеспіз. Отандық деңгейдегісі өз алдына, оның әлемдік туризмнен ойып тұрып орын алар әлуеті бар, негізінде. Тек жарнамасы аз. Насихаты жоқтың қасы. Айталық, сіз ең сирек кездесетін емдік шөптер Баянауыл топырағында өсетінін білесіз бе? Біз білген жоқпыз, мысалға. Баянауылға сапарлап барғанда алдымен осындағы өлкетанушылармен, «Баянауыл» ұлттық паркінің қызметкерлерімен тілдескенбіз. Мынаны айтты. Талай дертке