DALA INSIDE Информационное агентство DalaNews.kz
Архив

Назидание от бабушки

Назидание от бабушки
Баспадан жуырда ғана жарық көрген Айбын Төрехановтың «Би Салпық» кітабында ел басына күн туған қилы кезеңдерде бойына біткен даралық қасиеттерімен соңынан ерген бұқараны әділдіктен айнымай басқара білген, шаршы топта сөз бастап, қара қылды қақ жарған билер мен шайқастарда қол бастаған көсемдердің ерлік істері тартымды да тұшымды суреттеліпті. Бәйдібек бабадан тарайтын Ұлы жүздің Суан тайпасының, одан бері Тоқарыстаннан тарайтын Мырзамкелдінің Туматайы ұрпақтарының шежіресі, оның ішінде Би Салпықтың өмірі мен тұлғалық қасиеті арқылы өрбіп отырады. Мырзамкелді бабасының өмір жолының «Ақтабан шұбырынды» жылдары Алтайға қарай тау сағалап көшуі, атажау жоңғардан азат етілген атамекенге қайта қоныстану, кенжесі Туматайдың Абылай ханмен қарайлас, замандас болуы және ел-жұрт үшін атқа қонып, ерліктің ерен үлгісін көрсете отырып, қазақтың дарабозы Қабанбай батырмен тізе қосып, жоңғарларды талқандауда қайсарлығымен жұлдыздай жарқырап, Матай тауының басына ту тіккені тарихи шындықпен жанасып жатыр. Міне, ұрпағына ұран болған Туматайдың шөбересі Салпық биді мұқым Суан, Албан, Найман, Жалайырдың Апахан (Апахаң) атауы да тегін емес-ау. Ақындық толғаулары мен Найманның қызайы Шонжармен, Жалайырдың Әжібай болысына, Албанның Алжанынан тарайтын Қайранбай болыстарды тосылдырған салиқалы сөздері ауыздан-ауызға тарап, бүкіл Суанға «Би Салпық» атанды. Өсіп-өніп әкесі Ілештен еншісіне шаруаға ыңғайлы келетін Қу өзенінің шығысы мен Қорғас өзенінің Ілеге құяр тұстағы құйқалы алқапты және Жаркент өңірінің көркі Белжайлаудағы Қойтас, Аяқсаз, Ақтасты және Басатқарағай қойнауын алуы оның қабілет-қарымының ауқымды екенін айқындап-ақ тұр емес пе?! Тегіне тартқан зеректігіне басып, еншісін алған соң қарап жатпай атакәсіп мал шаруашылығына демеу болсын деген ниетпен диқаншылыққа да бет бұрып, тоған қаздырып, егін егумен айналысады. Әлі күнге дейін ел аузында сақталған «Салпы