DALA INSIDE Информационное агентство DalaNews.kz
Архив

Белая бабушка (рассказ)

Белая бабушка (рассказ)
...Денбекшіп әлі жатыр. Ұйқысы келер емес. Таң да атып қалған. Уақыт болды, тұрыңдар дегендей қорадағы көк әтеш те бақылдауын қояр емес. Қасындағы кішкентай Әли қаннен-қаперсіз ұйықтап жатыр. Ауыз үйден Дәмештің тықыры естілді. Ол көзін жұма қойды. Тәтті ұйқыда балбырап жатқан адам тәрізді. Дәмеш ыдыс-аяқты салдырлата бастады. Бұл «Typ, сенікі не жатыс» деген белгі – Тұрсынгүл, әй, Тұрсынгүл! Тұр. Таң атты ғой, – деп дауыстай бастады. Ойпырым-ай, неғып атын атады. Әкесі болғасын ба? Жо-жоқ, бұл білетін Дәмеш әкесіне дес бермейді ғой. Әлде ақыл-есінің кірейін дегені ме? Күлкісі келді. Ақ апасы құбылмалы ауа райы сияқты. Түске дейін жылынып, түстен кейін қарлы боран борайтын. Қазір күліп отырады да, сәлден сон көзі аларып, аузынан небір былапыт сөздер шығады. Қысқасы, ақ апасы түлен түрткендей, біресе адам, біресе шайтан кейпіне енеді. Анасы бақилық болғаннан кейін, үй іші құлазып азып кетті. Әли екеуі анасы кіріп келердей ауық-ауық есікке аландаса, әкесі шөлмектен бас көтермеді. Осылай бір жыл өтті. Әкесі бірде: «Мына кісі енді аналарың болады», – деп үйіне ақ апасын алып келді. Түсі суық, мінезі қатал жанды көргенде, Тұрсынгүл жылан шағып алғандай ыршып түсті. Ақ апасы жаман адам болып көрінді оған... Жүрегі құрғыр алдамапты. Ана орнына келген апасы улы жыланнан бетер. Тілін таппасаң, шағып үлгереді. Үйге алғаш келгенде: «Айналайын, қызым», – деп іші-бауырына кіріп, басынан сипап, барын беретін. «Айналайны» бірте-бірте «Тұрсынгүлжанға», кейін «Тұрсынгүлге» ұласты. Қазіргі eciмi «Әй, қыз!». Тұрсынгүл далаға шығып, күндегі әдетінше бір керілді де, мал тұратын аулаға беттеді. Бұзаулары да мұны күтіп тұрғандай енелеріне қарай ұмтыла бастады. Мал екеш мал да аналарын жақсы көреді-ау! Осындай кезде оның есіне анасы түседі... Ақ жаулығы желкілдеп Дәмеш самаурын жаға бастады. Ал Тұрсынгүл күндегі әдетінше қос сиырды алып, өріске беттеді. Жолда, анау шетте тұрған