DALA INSIDE Информационное агентство DalaNews.kz
Архив

В университете Абая продолжаются работы в рамках акции «Чистый Казахстан».

В университете Абая продолжаются работы в рамках акции «Чистый Казахстан».
Республикадағы экология және орнықты даму мәселелеріне назар аударуға, қоршаған ортаны сақтап, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған «Таза Қазақстан» акциясы жалпыхалықтық эко-челленджге айналды. Бүгінде аталған акцияға еліміздің ерікті жастары мен белсенді студенттері аянбай атсалысып, өздерінің қоғамға қамқорлықтарын, табиғатқа ұқыпты қарап, оны жақсартуға деген ұмтылыстарын көрсетіп жүр. Мәселен, Абай атындағы ҚазҰПУ-да университет жастарының белсенділігімен бірнеше мәрте сенбілік ұйымдастырылып, Алматының әртүрлі аймақтарын тазалау жұмыстары жүргізіліп тұрады. Студенттер мен оқытушылар көшелерді, саябақтарды, өзен жағалауларын қоқыстан тазалап, қоғамға тазалық мәдениетін насихаттауды дәстүрге айналдырған. Бұл шараларға университеттің түрлі факультеттерінен қала тазалығына үлес қосамын деген жүздеген ерікті студент қатысады. Мұндай игі бастамалар ұжымдық іс-әрекеттің және болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершіліктің маңыздылығын айқындайды. Сондай-ақ, Абай университетінде «Айналаңды таза ұста», «Экологиялық мәдениет – болашаққа деген қадам», «Абай университетінің жастары экологиялық бастамаларды қолдайды» сынды акциялар жиі өткізіліп тұрады. Іс-шаралар барысында университет білім алушылары қоғамдық орындарда тазалық жұмыстарын жүргізіп қана қоймай, қала тұрғындары